Облыстық археологиялық экспедициялар

Археологтардың ашқан жаңалықтары әлемдік ғылымның көзге көрінер жетістіктерінің қатарына кіреді. Қазақстанда соңғы жылдары ғылыми зерттеулердің әдістемелерін жаңарту, археологияға шынайы ғылымдар мен ғылыми-техникалық прогресстердің жетістіктерінің әдістерін енгізу, жинақталған материалдардың жүйелендірілуі, олардың бір қалыпқа салынуы және олардың негізінде археология бойынша жалпылама еңбектердің құрылуы барынша өзекті бола түсуде.

Облыстық археологиялық экспедициялар тарих және мәдениет ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізу бойынша компанияның ғылыми қызметтерін жүзеге асыру мақсатында құрылған. ОАЭ ғылыми жетекшілері Ғылыми кеңестің мүшелері болып табылады, ОАЭ құрамына аймақтардың алдыңғы қатарлы археологтары кіреді. Барлық ОАЭ-да бірыңғай инновациялық «Археологиялық жұмыстар мен археологиялық құжаттаманы жүргізу әдістемесі» қолданылады.

Әкімгершілік топтың қызметін атқара отырып және тиімді менеджменті таратудың және ғылыми тәжірибе алмасудың маңыздылығын түсіне отырып, Археологиялық Экспедиция өзінің әріптестері мен серіктестері алдында мына міндеттерді өз мойнына алады:
  • Әрекет етуші заңнаманы сақтау, «Тарихи – мәдени мұраның қорғалуы және қолданылуы туралы» ҚР Заңының баптарының мазмұнын насихаттау және кеңес беру.
  • Тақырыптық экспедициялар, білім беруші семинарлар өткізу, авторлық кітаптар мен монографиялардың, ұдайы шығатын «Экспедиция» журналының басылып шығарылуы арқылы өзінің ғылыми қызметкерінің ғылыми мүдделерге жетуінде ортақ әрекет ету.
  • Лайықты еңбекақымен облыстық археологиялық экспедицияларда өзінің ғылыми қызметкеріне кепілдендірілген жұмыс орындарын ұсыну.
  • Ғылыми – зерттеу үдерістерінің және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жаңарту және бір қалыпқа түсіру мақсаттарында барлық жерде инновациялық «Археологиялық жұмыстардың және археологиялық құжаттаманың жүргізілу әдістемесін» енгізу.
Археологиялық экспедиция республикалық жобаларға тікелей қатысу, тәжірибелермен алмасу және Қазақстанның барлық облыстарының алдыңғы қатарлы археологтарының күштерін біріктіру, мемлекеттік құрылымдармен әріптестік жасау, тарихи – мәдени мұраның зерттелуі, сақталуы және қолданылуы саласында тиімді менеджменттің барлық жерге енгізілуі арқылы Қазақстанның археологиясын мақсатқа сай жетілдіруге ұмтылады.