Серіктестер
ҚР БҒМ Қ.Сәтпаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты
Институт Қазақстандағы жетекші геологиялық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. Қызметінің басты тақырыбы фундаменталды және қосымша ғылыми зерттеулерді жүргізу болып табылады. Онда зерттеудің кең шоғырын өткізуге мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай зертханалық-талдамалық кешен және біліктілігі жоғары мамандар бар.


«Документалист» ЖШС
«Документалист» ЖШС қызметінің негізгі бағыты - жаңаша инновациялық технологияны пайдалана отырып, археология мен сәулет ескерткіштерінің кешенді өлшемдік жұмыстарын жүргізу. Компанияның ғылыми қызметкерлерінің құрамын археология, сәулет, қалпына келтіру мен бағдарламалау саласынан көп жылдық тәжірибесі бар жоғарғы білікті мамандарқұрайды.

Мамандардың жоғарғы кәсіби деңгейі мен заманауи технологияны қолдануы,бізге өлшемдік жұмыстарының кез-келген күрделі жұмысын жүргізуге жаңа мүмкіндіктер береді. Геодезиялық өлшеу мен санды фотограмметриялық түсірменің үйлесіміне негізделген үш өлшемдік тиянақтау бойынша әдістеме, сапалы жаңа нәтижені алуға ықпал етеді. Жоғарғы шешімді нақты турлі-түсті үш өлшемдік үлгілер мен ортофотопландар, зерттеулі нысандардың барлық кеңістік өзгешілігін, сонымен қатар түстік сипаттамасын тиянақтайды. Бұның бәрі бізге жоғарғы сапада бірыңғай кестеге байланған сызба құжаттамасын беруге, яғниғылыми есептемелер мен басылымдарда ғана қолданып қоймай, тиянақталып қойған нысандардың кезекті жұмыстарында қайта құру мен жөнделуіне септігін тигізеді.

Тиянақтаудың бұл әдістемелері тарихи-мәдени мұралардың жергілікті, оған қоса республикалық маңызы бар көптеген нысандарында сәтті қолданылады. Сондықтан, біз, тәжірибе жүзінде нақты қалай өлшеу жасап, тарихымыздың бүкіл сұлулығы мен ұлылығының материалды құрамын тиянақтауды білеміз!


«Экспедиционные услуги» ЖШС
Компанияның негізгі қызметі болып, экспедициялық қызметтердің толық жиынтығын ұйымдастыру, оның ішінде:
-Қазақстанда тарихи және шытырман оқиғалы саяхаттар ұйымдастыру;
-Жол таңдамайтын және басқа да арнайы көлікті жалға алу;
-Дала лагерін ұйымдастыру, шатырларда, киіз үйлерде, қонақ үйлерінде тұру;
-Далада тамақтануды ұйымдастыру;
-Адамдар мен техиканы қол жетпейтін жерлерден көшіру.