Тарихи-мәдени сараптама (әрі қарай – сараптама) 20.08.2007 жылғы «Тарихи-мәдени сараптама жүргізудің ережесін бекіту туралы» Ережелергесай жүргізіледі. Сараптама мәдени-мұра объектісінің тарихи-мәдени маңызын және сақталу деңгейін белгілеу мақсатында жүргізіледі. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптаманың жүргізілуін қамтамасыз етуді облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - Жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады. Тарихи-мәдени мұра объектілеріне немесе тарих және мәдениет ескерткіштеріне сараптама уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-жаңғырту жұмыстарын жүргізу лицензиясы бар сарапшыны (сарапшыларды) тарту арқылы жүргізіледі.

Тарихи-мәдени сараптама қорытындысы ұсыныс сипатында болады: 1) сараптама объектісіне тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесін беру жөнінде;
2) сараптама объектісін тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айыру жөнінде;
3) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыру және (немесе) өзгерту, болмаса оны ауыстырудан және (немесе) өзгертуден бас тарту қорытынды шығарылады.