Апатты археологиялық ескерткіштердегі ғылыми-зерттеу жұмыстары

Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу археологиялық ескерткіштерді ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеудің негізгі және маңызды түрі болып табылады. Археологиялық қазба жұмыстарының мақсаты ескерткішті жан-жақты айшықтау және құжаттандыру, содан соң ғылыми талдау жасау, соның ішінде ескерткіштің толық сипаттамасы, архитектурасы, топографиясы, планиграфиясы және стратиграфиясы, анықталған артефактілердің мәдени сипаты және т.б. бар. Қосымша ғылыми ақпараттар алу қажет болған жағдайда мұндай жұмыстарға жаратылыстану ғылымдары саласының мамандары (геологтар, топырақтанушылар, палеоботаниктер) жұмылдырылады.

Апатты археологиялық ескерткіштерде (өнеркәсіптік құрылыс аумағында орналасқан) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында «Археологиялық экспедиция» Қазақстанда жалпылай қабылданған классикалық археологияның әдістемелік қағидаттарын басшылыққа алады, сондай-ақ археологиялық объектілерді құжаттандыру барысында қолданылатын заманауи техникалық құралдар мен әдістерді пайдаланады. Ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін атқарылған жұмыстардың толық сипаттамалары, фото-қосымшалар, қазба жұмыстарының сызбалары мен жоспарлары, табылған жәдігерлердің топтамалық сипаттамасы мен басқа да ақпараттар біріктірілген ғылыми есеп әзірленеді. Ғылыми есеп жергілікті атқарушы органда мақұлданады. Ғылыми есепте көрсетілген мәліметтер негізінде тарихи-мәдени сараптама жасалады.