Жердің археологиялық сараптамасы (АС) – бұл әр түрлі өндірістік нысандар – көлік жолдары, мұнай/газ құбырлары, БОТЖ және т.б., құрылысы жүргізілетін территориядағы тарихи-мәдени мұра объектілерін (археологиялық ескерткіштерді) анықтау мақсатында жүргізілетін арнайы ғылыми зерттеу.

АС ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы»* заңына сай құрылыс жұмыстары басталғанша жүргізіледі. АС Қазақстандағы жалпылай қабылданған «Археологиялық сараптамаларды жүргізу әдістері» бойынша археологиялық және (немесе) ғылыми-жаңғырту жұмыстарын атқаруға берілетін лицензия негізіде жүзеге асырылады. АС нәтижесі тексерілетін территориядағы археологиялық ескерткіштердің бар немесе жоқ екендігін растайтын толық және жеткілікті түрдегі Археологиялық сараптама қорытындысы болып табылады. Ескерткіштер табылған жағдайда Қорытындыда оларға қатысты қорғау шаралары туралы ұсыныстар көрсетіледі.

2013-2017 жылдар аралығында «Археологиялық экспедиция» Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан облыстарында әр түрлі құрылыс жобалары және көлік жолдарын, газ құбырлары мен мұнайды қайта өңдеу нысандарын жаңғырту, БОТЖ құрылысы бойынша бірқатар археологиялық сараптамалар жасады.

___________

* ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Заңының 39-бабы:1-т. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. 3-т. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады. 2-т. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.