«Ғылым көшбасшысы» марапаты
Аналитикалық ақпаратты ғылым, бизнес және бұқаралық ақпараттың мамандарына ұсыну саласы бойынша әлемдік көшбасшы Thomson Reuters компаниясы мен «Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы» АҚ (Қазақстан), тәуелсіз «Ғылым көшбасшысы» марапатын ғылыми жұмыстары әлемдегі 2005-2015 жж. дәйексөздері 1%-тік ең жоғарғықатарға кіретін ғалымдарға жариялады.

Марапаттау рәсімі 28 қазан 2015 ж. Халықаралық «Ортаазиялық аймағы елдері ғылымының әлемдік кеңістікпен бірлесуі» қоры шеңберінде өтті. Ол InterContinental Almaty қонақ үйінің залында ғылыми элитаның  Қазақстаннан,  Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Түркменстаннан, Тәжікстаннан, Әзірбайжаннан, Монғолиядан, Түркиядан және АҚШ-тан көптеген өкілдерін жинады. Марапатқа басылымдары 1%-тікең жоғарғы  дәйексөзді әлемдік мақалалар қатарына  соңғы онжылжықта енген 14 қазақстандық ғалымдар ие болды.

Қазақстандық тарихшы, әрі археолог Виктор Зайберт алғаш рет тарихта жылқы малы осыдан 6 мың жыл бұрын Қазақстан аумағында қолға үйренгенін нақты дәлелдеп,оның көп жылдық еңбегін көпшілік таныды, ал  жұмысының нәтижесі атақты Science журналында 2009 жылы жарияланды.