Компания туралы
«Археологиялық экспедиция» ЖШС – бұл Қазақстанның тарихи – мәдени мұраларын зерттеу, қорғау және пайдалану саласында өз қызметін жүзеге асыратын қазақстандық мемлекеттік емес ғылыми ұйым.

Компанияның қызметінің ерекшелігі Қазақстанның барлық аумағы бойынша кешенді археологиялық экспедициялар ұйымдастыру болып табылады. Жұмыстар жобаларды жүйелік басқарудың заманауи әдістерін қолданыла отырып атқарылады. Археологиялық экспедицияның ғылыми қызметіне Ғылыми Кеңес жетекшілік етеді. Археологиялық экспедициялардың менеджменті Жобаларды Басқару Тобы (ЖБТ) тарапынан жүзеге асырылады.

Компания дала жұмыстары мен археологиялық құжаттамалар жүргізудің жаңаша әдістемелері бөлігінде «ноу-хауға» ие, бұл өз кезегінде дала жұмыстарының толықтығы мен дәлдігін барынша арттыруға, көптеген ғылыми – зерттеу үдерістерін және ғылыми жұмыстардың нәтижелерін жетілдіруге және бір қалыпқа салуға мүмкіндік береді.

Өз қызметінде Археологиялық экспедиция алдыңғы қатарлы геодезиялық жабдықпен (Leica, Trimble, Garmin), арнайы транспортпен және байланыс құралдарымен жабдықталған.

Археологиялық экспедицияның Қазақстанның көптеген аймақ орталықтарында өз бөлімшелері бар. Облыстық Археологиялық Экспедициялардың (ОАЭ) ғылыми құрамы аймақтардың алдыңғы қатарлы археологтарынан құралған.

Археологиялық экспедиция ең алдыменен «ұлы археологиялық жаңалық ашу» мақсатымен Қазақстанның барлық археологтарының күшін біріктіруге бағытталған, адал бәсекелестікті құрметтейді және Қазақстанның барлық ғылыми ұйымдарына тең құқылы әріптестікті ұсынады.